ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАНУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ҰСТАУҒА АРНАЛҒАН ҒИМАРАТ ТҰРҒЫЗЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАНУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ҰСТАУҒА АРНАЛҒАН ҒИМАРАТ ТҰРҒЫЗЫЛУДА

Шымкент қаласында қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат құрылысы жүріп жатыр.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас шағын ауданында салынып жатқан нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимараттың құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың бастапқы сатысы бітуге таяу, яғни 20 пайызға орындалған.
Жоба бойынша бұл 1 гектар аумақта әкімшілік шаруашылық кешені, оқшаулағыш орын, карантин ғимараты, қойма, қараусыз иттер мен мысықтарды өз алдына бөлек уақытша ұстау павильоны орналасады. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
«Шымкент сити» жаңа шағын ауданында бой көтерген Конгрес-холл құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нысан құрылысы қазір кестеге сай жүргізілуде, сондықтан 75%-ға дейін дайын. Аяқталу мерзімі биылғы жылдың үшінші тоқсаны деп күтілуде.
Айта кетейік, үшінші мегаполистің келбетін ашатын Конгресс-холл көп функциялы мәдени және ойын-сауық сарайы ретінде ашылмақ. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол.
Конгресс-холл екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан.
Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелерді де осы бірінші блоктан көруге болады.
Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы жоспарланған. Сонымен қатар, қолөнершілер дайын бұйымдарын қоя алатын көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысу үшін бірінші қабаттағы мультимедиялық кабинет, қазақ ұлттық билеріне арналған үлкен би залы, музыкалық зал, қазақтың дәстүрлі үстел ойындарына арналған кабинет те осы әсем ғимараттың еншісінде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...