МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ», «Қырғы» базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатылып ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: “Жастар практикасы”, “2,5% агро несие”, “Алғашқы бос жұмыс орны” бағдарламалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік» тақырыбында кітапшалар тарқатылып, Жастар ресурстық орталығының жұмысы мен психологиялық кеңес жөнінде ақпараттар айтылды.
Биылғы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінші нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті.
Олардың ішінде:
- 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды;
- 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;
- 768 адам жастар практикасына;
- 1289 адам қоғамдық жұмыс орыны;
- 652 адам алғашқы жұмыс орнына;
- 9 адам «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылды;
- 3 594 адам business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болды;
- 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілді;
- 1 675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданды.
Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген.
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы – 8 000, 2025 жылы 8 200 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...