ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушылары арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты - жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат Шоқанұлы қатысты. Дін саласының маманы діннің бала тәрбиесі мен оның қоғамдағы рөлі қандай екеніне тоқталып, жат ағымның адам өмірі мен елімізге әкелер қауіпіне тоқталды.
-Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптаса отырып, кемелдену құбылысын жүзеге асырады. Сондықтан діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ, - деді теолог маман Самат Уалихан.
Айта кетейік, орталығымыздың ұйымдастыруымен қаламыздағы жастар арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты кездесулер өткізіліп келеді.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Діни ағындарға қатысты жастардың теріс ағындардан сақтандыру үшін елімізде түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп келеді. Әрі ақпарат ағынының дамыған заманында әрі ғаламтордың иянын гөрі пайдасын көру үшін жастарға арнайы дінге байланысты теріс үгіт-насихаттар таратылуда. Дінді толық білмегеннен жастар түгілі үлкендердің санасы өте тез уланады. Егер дұрыс жолын таңдап білмесе, теріс ағындар адамдарды адастыруы мүмкін. Соның ішінде дінге қатысты теріс үгіт-насихаттар көптің тағдырын талқандағанын көріп, естіп келеміз. Сол себептен, жастар дін туралы ақпараттарды ресми сайттардан ҚМДБ, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, орталық мешітімен және мешіт имамдарынан нақты білгендері дұрыс.
Кездесу барысында бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау, қоғамға белсене араласуына көмектесу басты міндетіміз. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау деп, кездесуге келген қонақтар соғыс кезеңдерінде басынан өткен оқиғаларын айтып, жастарды батыл әрі мықты болуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...