ШЫМКЕНТТЕ 150-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ 150-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨТЕДІ

Қазір қала аумағындағы 147 қазандықты салалық басқармаға өткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында айтылды.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына емдеу мекемелерінен - 15, білім нысандарынан – 121, мәдени ошақтардан - 3, спорт мекемелерінен - 6 қазандықты өткізу үшін техникалық құжаттарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшылары қазандықтарды беру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді баяндап, ұсыныстарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлы жылу желілерін тапсыруды ағымдағы жылдың 15- шілдесіне дейін аяқтауды тапсырды.
«Жылу маусымына дайындыққа жаппай жауапкершілікпен қараңыздар. Қазандықтарды аталған басқармаға беруді тездетіп ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте орталықтандырылған жылыту жүйесінің қуаттылығын ескеру де маңызды» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ мәдениет басқармасының басшысына техникалық құжаттарды рәсімдеуді жылдам ұйымдастыруды арнайы ескертті. Жалпы, қазандықтарға бір мекеменің жауапты болуы ең алдымен жылу жүйелерін бір көзден қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шешім барлық қазандықтарды жылыту маусымына дайындауды жолға қойып, жылу сапасын арттырады.
Еске салар болсақ, 2022 жылы Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтің жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайлар бойынша берген есебінде:
«Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алған. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда.
Бірінші кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 5 164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Екінші кезеңде жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс. Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3 862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған жиырма шағын отбасылық жатақхана мен он жеті жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал үшінші кезеңде жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары мен 12 300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды», - деді азаматтық қорғау полковнигі А.Бейсембаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...