САРЫАҒАШ: МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРІЛДІ

САРЫАҒАШ: МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРІЛДІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында алдын ала жазылған 20 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары қаралды.
Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер қозғалды.
Дәлірек айтсақ, жеңілдетілген несие, фельдшерлік амбулаториялық пунктын салу, жолға шағал және асфальт төсеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскесін құжаттандыру, коммуналдық тұрғын үйден пәтер беру, қоқыс, тұрғын үй кезегі мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты арнайы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған тұрғын коммуналдық-арендалық тұрғын үй мәселесі бойынша келгенін баяндады.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген азаматтар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында жауап берді.
Сондай-ақ, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...