ӘКІМНІҢ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУІ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

ӘКІМНІҢ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУІ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Шауғар секторындағы ашық алаңда өткен кездесуде бірқатар мәселе айтылды.
Жалпы, Шауғар секторында сәуір айындағы кездесуде 98 тапсырма берілген еді. Оның 80 тапсырмасы орындалып, 18 мәселе бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Шауғар секторында жыл басынан бері 31 көшеге (20 шқ) тас төселіп, 22 аялдама орнатылды.
Сонымен қатар, №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыты іске қосылады.
Тұрғындар өтініші бойынша Абылайхан көшесі мен Ғ.Мұратбаев мектебі жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасы салынуда.
Одан бөлек, сектордың 105 шақырымына кәріз жүйесі құрылысы жүргізілуде.
Және де тұрғын алабтағы ауыз су тартылмаған көшелерге арнайы жоба әзірленіп, қазан айында құрылысын бастау жұмыстарын бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы...

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі...