ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталатынын ескертеді.
Осыған байланысты, шетелдік автокөлікті заңдастыру үшін қаламыздағы МХҚО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Олар азаматтарды Дүйсенбі жұма аралығында сағат сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру - 20:30-ға дейін), сенбі күні - 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.Бұл ретте жұмыс кестесі тек автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.
Еске салар болсақ, жыл басынан бері Шымкенттегі ХҚО-ларда «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 40-қа жуық қызмет көрсетілді.
ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар клиентке қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні. Клиент тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат алады, оның негізінде дайын құжаттар беріледі.
Мемлекеттік қызметті eGov.kz порталы арқылы рәсімдеу үшін электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет және порталда «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» қызметін таңдайсыз. Содан кейін деректерді толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеуіңіз керек.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады. Анықтама:
Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а, 2343/1.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...