ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮЛКІБАС: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс жоспарына сәйкес өтінішпен келген тұрғындарды қабылдады.
Жеке қабылдауға жазылған азаматша аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы О.Сейдалиев көшесінің бойында орналасқан тұрғын-үй алаңына балалар алаңшасын салу, ауыз және ағын су мәселелесін реттеу, электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелерді көтерді. Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы айтылған мәселелерді тыңдап, сала мамандарымен бірге бүгін барып, көше тұрғындарымен кездесу өткізетінін жеткізді.
Жеке қабылдауға кезекті жазылған азаматшалар азаматтық қызметкерлерге сауықтыру ақысын төлеу мәселесін айтып өтті. Қабылдауға қатысқан сала мамандары негізінен мемлекет тарапынан біліктілікті қажет ететін мамандарға сауықтыру төленетінін түсіндірді. Аудан басшысы бұл мәселе алдағы уақытта Заң талаптарына сәйкес зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, хабарланатынын жеткізді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...