САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕК КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЗЕРДЕЛЕП, МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕК КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЗЕРДЕЛЕП, МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек кентінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Кездесу барысында аудан басшысы алдымен наурыз айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
– Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, ауылдың жағдайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар кезең - кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жаңа мектеп және мәдениет үйін салу, электр энергиясымен қамтамасыз ету, қоқысты тазалау, ағын су, халықтың әлеуметтік жағдайы туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.
Кездесуден кейін, аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...