СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қаратау ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Қаратау ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылыс жұмыстары басталды. Бұндай заманауи үлгідегі ойын алаңшалары мұнымен шектелмейді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында алдағы уақытта өзге де ауыл округтерде кезең-кезеңімен жалғасын тауып, бой көтеретін болады.
Сонымен қатар, тұрғындар сұранысына орай аталған округке қарасты Саржаз елді мекенінен атауы жоқ №1 көшесіне, Ақсүмбе елді мекенінен Қалмырзаұлы және Сапарбай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша ағымдағы жылы аудан орталығынан шалғай орналасқан шағын елді мекендерге баса көңіл бөлінуде. Мұнан бөлек Саржаз елді мекенінен жазғы ойын алаңшасын салу, Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету, А. Қалмұрзаұлы көшесіне көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.
Жиында тұрғындар бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есептік кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жауапты мамандармен айтылған мәселенің шешу жолдарын жан жақты саралап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Сапар барысында Қаратау ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауаптыларға құрылыс сапасын бақылауда ұстап, белгіленген уақытында аяқтау керектігін ескертті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...