САУРАН: ИАССЫДА 194 ҮЙ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

САУРАН: ИАССЫДА 194 ҮЙ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Иассы ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Жаңа қоныстанған 194 үй ауыз сумен қамтылады. Ол үшін Иассы ауыл округі Еңбекші Дихан елді мекенімен меморандум арқылы «Авангард-Ок» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыл көшелеріне бейне бақылау камералары қойылса деген өтініш айтылды. Сонымен қатар, жайылымды жерді ұлғайтуды сұрады. Қазіргі таңда 7 тұлғаның 1022 га жерін ортақ жайылымға қайтаруға ортақ жайылымды кеңейтуге мемлекет мұқтаждығына қаулы қабылданып жұмыстар жүргізіліп жатқанын сала мамандары хабарлады.
- Осы ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық біледі. Ауылды көркейту үшін жасалынатын жұмыстар тоқтамайды. Президентіміз Қ.Тоқаев та ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды тапсырып отыр. Біз ол тапсырманы орындауға міндеттіміз. Әрине, тек заң шеңберінде. Ауызбіршілік болған кезде ғана тірлік алға басады. Билік пен бұқара халық арасындағы байланыстың ашықтықтығын нығайту мақсатында мен әр үш ай сайын сіздермен кездесіп, мұң-мұқтаждықтарыңызды тыңдауға дайынмын,- деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстар басшылық тарапынан назарға алынды. Тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайды. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Кездесуден кейін Ғалымжан Қарабайұлы округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындардың мұң мұқтаждығын тыңдаған аудан басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, орындалуын қадағалауды ескертті, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...