САРЫАҒАШ: АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ – ТИІМДІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

САРЫАҒАШ: АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ – ТИІМДІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуына тоқталып, алдағы жоспарларды баяндады.
- Қаланы көркейту, оның дамуына үлес қосу — ортақ мақсат, ортақ іс. Сондықтан, алға қойылған жоспардың нәтижелі орындалуы басшыға, ал оған жауапкершілікпен қарау тұрғындардың мәдениеттілігі мен жанашырлығына тікелей байланысты. Біз алдағы уақытта жасалып жатқан жұмысты ашық, айқын түрде көрсетіп, оны халыққа жеткізіп отыратын боламыз,-деді аудан басшысы.
Кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына заңсыз сауда орындары, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, қоқысты жинау, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, заңсыз құрлыстар, қашыртқыларды тазалау мәселелері бойынша ұсыныстар айтылып, тиісінше нақты жауаптар берілді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...