САРЫАҒАШ: ТАЗАЛЫҚҚА ӘРҚАЙСЫМЫЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

САРЫАҒАШ: ТАЗАЛЫҚҚА ӘРҚАЙСЫМЫЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев қала аумағындағы тазалық мәселесі бойынша өткен қала тұрғындарының жалпы жиналысына арнайы барып қатысты.
-Қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз бірігіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Сонда ғана қаламыздың таза әрі көрікті болады. Қаламыз таза болып тұрғаны денсаулығымызға да, көніл күйімізге де жақсы әсер етеді. Мәселелерді шешу жолында әрбіріңіздің ой-пікіріңіз маңызды. Себебі, тазалыққа әрқайсымыз бірдей жауаптымыз,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Жиын барысында тұрғындардан шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, алып кету жұмыстарын жүргізіп отырған жауапты мекемелердің жұмыс деңгейі талқыланып, тұрғындар тарапынан біршама мәселелер көтерілді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, жауапты мердігер мекемелерге тапсырмалар беріліп, жұмыстың сапалы, әрі мерзімінде жүргізілуі үнемі бақылауда болатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...