КЕЛЕС: ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

КЕЛЕС: ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан орталығынан шалғайда орналасқан Жамбыл ауылдық округінде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Тұрғындар көтерген мәселелердің шешілу бағытындағы жұмыстар көзден кешіріп, алдағы жоспарларды пысықтады. Аудан басшысының жамбылдықтармен өткен кездесуінде көтерілген маңызды мәселелердің бірі - Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын 9,7 шақырымдық аудандық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын.
Бүгінгі таңда тұрғындар сұранысы қанағаттандырылып, аталған жол құрылысы аяқталды. Салынған жолдың сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы арнайы барып, жол белгілері мен сызықтарын тездетіп аяқтау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Бекбота ауылындағы №61 Абай атындағы мектеп ғимаратына барып, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қажетті шараларды атқаруға тапсырма берді.
Аудан әкімнің Жамбыл ауылдық округіне жасаған сапары жергілікті тұрғындармен кездесумен жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, орындалуы тиіс мәселелерді бақылауға алып, жұмыс жүргізу үшін тиісті мамандарға тапсырмалар берді. Жергілікті тұрғындар көтерген мәселелерге жауап берген Жәнібек Есенұлы бюджеттің мүмкіндігіне қарай, кезең-кезеңімен шешілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиын соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз шағымдарын тыңдай келе, өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...