КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕ ДӘРІГЕРЛІК ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕ ДӘРІГЕРЛІК ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келес ауданының Бірлесу ауылдық округі аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сапалы инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды жүзеге асыру сынды шаралар атқарылуда. Сонымен қатар тұрғындар сұранысын қанағаттандыру басты мақсат болып тұр. Жергілікті тұрғындар көтерген мәселенің бірі — ауылдық округі аумағынан дәрігерлік емхана салу болатын. Бұл мәселені аудан басшысымен өткен кездесуде бірлесуліктер көтерген еді. Бүгінгі таңда 28 гвардия елді мекенінен ФАП құрылысын жүргізу үшін арнайы 0,50 га жер ажыратылып, толықтай құжаттандырылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлесу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
— Қазіргі таңда «Абай Келес аудандық ауруханасы» МКК тарапынан 28 гвардия елді мекені аумағынан дәрігерлік емхана құрылысы үшін мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалды. Мәселе толық шешімін тапқанша өз бақылауымда болады. Сонымен қатар таяу күндері Бірлесу ауылдық округіндегі кезек күттірмейтін ішкі каналдармен қашыртқыларды тазалау үшін «Тұран Су» мекемесімен ішкі каналдар механикалық тазалаудан өткізілетін болады, - аудан әкімі.
Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, дербес бөлім басшылары, құрылымдық бөлімдер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу мақсатында арнайы іс-шара жоспары істеліп, жүйелі жұмыстар жүргізілмек, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...