ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖІТІ МЕҢГЕРІП КЕЛЕДІ

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖІТІ МЕҢГЕРІП КЕЛЕДІ

Соңғы кездері этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуге құлшынысы арта түскені қуантады. «Достық» үйінің «Бірлік» алаңындағы мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілі аптасына екі рет мемлекеттік тілді оқып-үйренуде.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына қатысуына жағдайлар жасалған.
Осы бағытта қалалық ассамблея 8 жоғары, 22 орта арнаулы оқу орындарымен екіжақты меморандум түзіп, соның аясында мегаполистегі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту жобасын іске асырып келеді.
«Бірлік» алаңында арнайы тіл оқу курсының төрт айлық курсын тәмамдап, сынақтан өткен этнос жастарына оқу орталығының арнайы анықтамасы табысталады.
«Бірлік алаңы» коворкинг орталығы – бірлік пен келісімнің жалпыұлттық біріктіруші құндылықтарын қоғамдық санада нығайтуға және азаматтық қоғам институттарының сындарлы диалогін орнықтыруға бағытталған.
Орталық төрт негізгі бағыт бойынша жұ­мыс жүргізеді. Біріншісі, қалалық Қа­зақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 7 қоғамдық құрылым мен 17 этномәдени бірлестіктің қатысуымен тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру.
Екіншіден, қоғам тұрақтылығын ны­ғайтуда халықтық жобаларды іріктеу, олар­ға қолдау көрсету мүмкіндіктері қарас­тырылады.
Азаматтық бастамалар, оның ішінде жастар ұсынған қоғамдық мәні бар әлеу­меттік стартап жобалар қолдауға ие болады. Жан-жақты ұтымды, қоғам тұрақ­тылығын сақтауға тиімді жобаларды мемлекеттік салалық бағдарламалар мен әлеуметтік гранттар арқылы қаржы­ландыруға ұсынымдар беріледі. Солардан үздік деп танылғандарына Ассамблея мүшелері серіктес меценаттар табуға ықпал етеді.
Үшіншіден, «Ассамблея жастары» ұйымы шеңберінде жастардың диалог алаңын қалыптастыру, дебаттар мен пікір-сайыстар ұйымдастыру қолға алынады.
Бұл бағытта қазақ халқының ұлттық тарихы, мәдениеті, салт-санасы жөніндегі іс-шаралар өткізіліп, этнос жастарын жоғары мәдени-эстетикалық, патриоттық және елжандылық рухта тәрбиелеу жос­парлануда.
Төртіншіден, мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі тәсілдер бойынша семинар-тренингтер жүргізіледі. Оның ішінде этнос өкілдеріне базалық негізде қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалады. Бұл үшін қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен келісім орнатылмақ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан оған деген қамқорлық мемлекет тұрғысында жылдан-жылға күшейіп келеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы құрылтайда да баса айтқан болатын.
«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдау­шылық елдегі жағдайды дұрыс түсін­бегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемдік коммуникация құралдары қазақ тіліне маңыз бере бастады», деген еді Мемлекет басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...