ЖЕТІСАЙ: АБАЙДА 3 ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

ЖЕТІСАЙ: АБАЙДА 3 ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Абай ауылдық округінде өтті. Атқарылған жұмыстар талқыланып, атқарылуы тиіс мәселелердің жоспары түзілді.
Өткен кездесуде Абай ауылдық округінің тұрғындары тарапынан көтерілген 10 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтар болсақ, округке қарасты Атажұрт елді мекенінен мәдениет үйі мен спорт алаңшасын салуға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 9,6 млн теңге бөлінсе, Жүзім, Алтын кемер, Халықтар достығы, Отан және Бейбітшілік елді мекендеріне электр желілерін жүргізу, КТП орнату құрылысына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 8 млн теңге бөлінген.
Отан, Бейбітшілік, Атажұрт елді мекендеріне газ өткізгішінің құрылысына 197,7 млн теңге республикалық бюджеттен бөлініп, қазіргі таңда Отан елді мекенінің құрылысы аяқталып газ беруге дайын. Бейбітшілік және Атажұрт елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.
Жүзімдік елді мекеніндегі Бекхожин көшесін, Халықтар достығы елді мекеніндегі Жоба, Торайғыров көшелерін, Бейбітшілік елді мекеніндегі Қонаев көшесін орта жөндеуден өткізу үшін 60,9 млн, Отан елді мекеніндегі Мирзадинов көшесіне аяқжол салу жұмыстарына 20,8 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік үлесі бар Абай ауылдық округінің потенциалын тиімді пайдалана отырып инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтің әлеуетін арттыру бойынша еркін форматта пікір алмасқан аудан басшысы кездесуден соң округ тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...