САРЫАҒАШ: АУДАН ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан басшысы Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округі, Сөк-сөк елді мекеніне арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Арман Айдарұлы аталған елді мекендегі төрт түлікті бағуға арналған арнайы қораларды кеңейтіп, мал басын көбейтіп отырған шаруалармен кездесіп, мәселелердің мән-жәйін тыңдады.
- Елді мекенге арнайы өздеріңізбен жүздесуге келіп отырмын. Мақсатым ауылдың жәй-күйімен танысып, өздеріңізбен ашық сұқбат құрып, мәселеріңізді тыңдау. Елді мекенде атқарылатын жұмыс көп екенін көріп отырмын. Алдағы уақытта айтылған мәселелер жол картасына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетін болады, - деді аудан басшысы.
Кездесу соңында тұрғындар аудан басшысына ризашылығын білдіріп, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіп тұтынушымен тікелей жұмыс істеуге үйренген. Дүкен тауарын жеке сатып алушыға сатады, шеберхана жеке тапсырыс орындайды, қызмет...