ORDABASY: ЖЫЛ БАСЫНАН 4,1 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ORDABASY: ЖЫЛ БАСЫНАН 4,1 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

2022 жылы 34,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылса, 2023 жылы 37,2 млрд. теңгеге жеткізу межеленді.
Жеке инвестициялар есебінен аудан экономикасының дамуына үлес қосатын негізгі 5 жоба 5,1 млрд. тг. іске асып, 140 жұмыс орны ашылды:
1. «Bokei» ЖШС-ң автоматтандырылған қыш зауыты, құны 3,6 млрд.тг., 30 жұмыс орны;
2. «Green Technology Industries» ЖШС ІІ кезені синтепон талшығын өндіру, құны 200 млн.т, 50 жұмыс орны;
3. «Aysyltan Group» ЖШС-ң қыш зауыты, құны 500 млн.т, 30 жұмыс орны;
4. ЖК «Бибитжан» қыш зауыты, құны 204 млн.т, 20 жұмыс орны;
5. ЖК Нұржановтың жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы, құны 600 млн.т, 10 жұмыс орны.
Биылғы жылы жалпы құны 8,5 млрд. теңге болатын, 257 жаңа жұмыс орнымен
6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
1.«Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 30 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан;
2. «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру, құны 1,0 млрд.т., 50 ж.о, 2023 ж. ІІ-тоқсан;
3. «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, құны 500,0 млн.т., 25 ж.о, 2023 ж. ІІІ-тоқсан;
4.«Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару, құны 3,0 млрд.т., 100 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан;
5. «RZN» ЖШС газоблоқ бұйымдарын өндіру, құны 1,5 млрд.т., 40 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан;
6. «Ордабасы Сапар» орталығы, туризм саласы, құны1,0 млрд.т., 12 ж.о, 2023 ж. ІV-тоқсан.
Ағымдағы жылдың 3 айында ауданға тартылған инвестицияның көлемі 4,1 млрд. теңгені құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...