БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАҚПАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАҚПАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекенінде болып тұрғындармен кездесті. Кездесуде Шақпақтық тұрғындар аудан басшысына елді мекендегі өзекті мәселелерді айтып, ауыз суға байланысты және газ құрылысы бойынша қазылып, жүргізіліп жатқан құбырларды көму барысында бірқатар кемшіліктер орын алып жатқандығын жеткізді. Кездесуге газ құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылары шақыртылып, ауыл тұрғындарына мән-жайды толық түсіндірілді. Ержігіт Шәріпбекұлы мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуді ескертіп, жауапты бөлімдерге жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуін бақылауға алуды тапсырды. Кездесуде бос жүрген ауыл азаматтарын газ құрылысын жүргізіп жатқан мекемеге жұмысшы ретінде жұмысқа орналасуға және талапқа сай жүргізілуін бақылауға алуларына болатыны жеткізілді.
Жалпы биыл Шақпақ елді мекеніне республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ішкі және жеткізуші газ құбырларының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек аталған елді мекенде ауыз су жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың...

IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік...