Алматыда домбырашылардың челленджі өтті

Алматыда домбырашылардың челленджі өтті

Алматыда домбырашылардың «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Мерекелік алаңда мектердің, гимназиялардың, шығармашылық үйлердің 600 оқушысы, 70 педагог және 20 ата-ана орындаған домбыра үні күмбірледі.
Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік жасады. Домбырашылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Домбыра-challenge мақсаты – жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ойындарды ұлттық аспапта насихаттау.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және...