Алматылық студенттер үшін тағы екі құзыреттілік орталығы ашылды

Алматылық студенттер үшін тағы екі құзыреттілік орталығы ашылды

Алматылық студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие болады. Алматыда мемлекеттік колледждер базасында тағы екі құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл құрылыс және полиграфия бағытындағы орталықтар.
Мұнда техникалық мамандық студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп, дағдысын шыңдайды. Нысан барлық қажетті жабдықпен жабдықталған. Оған өндірістік шеберханалар, оқу аудиториялары және зертханалар кіреді.
Қалада төрт құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Алматыны дамытудың жол картасы аясында 2025 жылға дейін тағы 12 құзыреттілік орталығын ашу жоспарланған.
Алматылық студенттер қазірдің өзінде мамандықты жақсы игерген. Колледж студенттері Worldskills халықаралық чемпионатта жүлделі орындарға ие.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...