Тоқаев сынаған жауапты хатшылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

Тоқаев сынаған жауапты хатшылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институтын таратуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжановтың айтуынша, жауапты хатшылар институты 15 министрлікте жұмыс істейді. Олардың функцияларын енді аппарат басшылары орындайды.

"Аппарат басшысының қызметі мен функционалдық міндеттері Мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген. Ол жауапты тұлғалардың өкілеттіктеріне толық сәйкес келеді. Мәселе күн тәртібінде тұр. Шешім жақын күндері қабылданады. Орташа жалақы жұмыс өтіліне байланысты 685 мыңнан 830 мыңға дейін (теңге)", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауына министрліктердегі жауапты хатшыларды сынға алып, оларды таратуды тапсырған болатын. Президент олардың міндеттерін аппарат басшыларына жүктеу керегін айтқан еді.

 https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-syinagan-jauaptyi-hatshyilar-kansha-jalakyi-alatyinyi-312536/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...