Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік "Спутник V" вакцинасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шорановтың айтуынша, белгілі бір санаттағы адамдарға Ресей вакцинасын салуға тыйым салынады.

"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат деп айтқым келеді. Бұл вакциналар созылмалы, респираторлық ауруларға жақсы. Бірақ бұл вакцинаны жүкті әйелдерге, емізетін келіншектерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға салуға болмайды", - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Еске салайық, 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік "Гам-Ковид-Вак2" векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Ал 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеген болатын. 

 https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministrlk-reseylk-vaktsinanyi-kmderge-saluga-bolmaytyinyin-312535/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...