№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

№65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Шымкент қаласының “Сайрам” ықшамауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов нысанның жұмыс сапасын тексеріп, тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.
Құрылысы биыл, наурыз айында басталған жаңа оқу корпусы 600 оқушыға шақталған, қосымша екі блоктан тұрады.
Футбол алаңшасы мен жүгіру жолы қарастырылып, инженерлік жүйемен толықтай қамтылатын болады.
Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.
"Нысандардың сапасы маңызды. Бұл нысанда балалар білім алады, оқиды. Балалар үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз”,-деді әкім ғимаратты аралау барысында.
Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады.
Жобада 25 оқушыға лайықталған 24 сынып бөлмесі, ашық спорт алаңы, онда футбол мен жүгіруга арналған арнайы жол және есік алдына субұрқақ, қоқыс контейнерлеріне арналған орын қаралып отыр.
Қосымша ғимарат қажеттілігі жөнінде 2021 жылы сынама өткізіліп, оң қорытындысы шыққан. Қазір құрылысқа бөлінген жер көлемінің аумағы 0,92 га, құрылыс ауданы 1995,85 шаршы метрді құрайды.
Осы жылдың наурыз ауында басталған жұмыстар 2023 жылдың тамызында пайдалануға берілмек.
Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Себебі бұл мектептер қазіргі таңда 3 ауысымды білім беруде. Нәтижесінде қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп жатқан Нұрсәт ықшамауданындағы № 80 орта мектепке барды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы және межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді. Жаңа ғимараттың «А» блогында кіреберіс және спортзал, 66 орындық асхана қарастырылған болса, «Б» блогында бастауыш сынып оқушыларына арналған 375 орын бар. Қосымша нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласының «Елтай» тұрғын алабында көптен күткен 650 орындық жаңа мектеп ашылды.
Бұған дейін елді мекеннің 600-ден астам оқушысы 4 шақырым қашықта орналасқан көрші ауылдың мектептеріне қатынап оқитын.
Ғимарат заманауи құрал-жарақпен жабдықталған. Биология, химия, физика зертханалары және кең спорт залы бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...