ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫНА” АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫНА” АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТУДЕ

Шым шаһарда қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған Републикалық турнир басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.
Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”-деді.
Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту - ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 - алтын, 372 - күміс, 398 - қола медаль жеңіп алды. Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 - алтын, 18 - күміс және 24 - қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 - алтын, 15 - күміс, 8 - қола еншіледі. Сонымен қоса, Францияда өткен Дүниежүзілік гимназиядада және биылғы Азия Чемпионатында спортшымыз жеңімпаз атанған болатын. Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021 жылдың II- жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі күні мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 85 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтті. Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 17 спорт түрі бойынша жалпы саны 22 536 өтінім түсіп, 17 234 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Балалар аталған бағдарлама негізінде баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, тенниске қатыса алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...