Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында орналасқан 2022 жылы аумағы кеңейіп, модернизациядан өткен «Аянат» шаруа қожалығына барды.
Ерте көктем және қыс айларында көкөніс өнімдеріне деген қажеттіліктің орнын толтыру және қияр қызанақ өнімдерінің осы маусым аралық кезеңдерде бағасының шарықтап кетпеуінің алдын алу мақсатында, мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды түсіндірді. Қазіргі таңда мұнда жылына 500-600 тонна қызанақ өсірілуде. Жалпы аумағы 4 гектарды құрайды. 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта қожалық иесі нысан аумағын ұлғайтуды көздейді. Сол арқылы өнім көлемін арттырып, қызанақтарды көрші елдерге экспорттамақ.
Бастамаға қолдау танытқан Мұрат Дүйсенбекұлы ауылшаруашылық өнімдерінің артуы - экономикаға да оң серпін беретінін айтып, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы табыс 110,7 млн. болса, биыл 11,4 млн. АҚШ долларына артты.
Қайта өңделген өнім эспорты - 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9% құрайды.
Өнімнің 40% Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған.
Ұн -111,4 мың тн, өсімдік майы - 33,2 мың тн, кебек- 39,0 мың тн, макарон – 2,3 мың тн, қауын, қарбыз- 1,7 мың тн, пияз - 422,9 тн, қырыққабат- 170,0 тн, қызанақ- 96,0 тн, шұжық-37,0 тн, ет-260 тн, жүн-753 тоннаны құрады.
Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.
- Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.
- Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.
- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
- Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.
- Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.
- Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.
2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады.
Биылғы жылдың алғашқы бес айында:
- өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға,
- инвестиция көлемі 29,2 пайызға,
- құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға,
- пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға,
- бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты.
ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШАҺАР АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

