ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында облыс шаруаларының және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің мәселелерімен танысты. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген, алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

- Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр,- деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ штаб мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады.

Петропавл қаласындағы «Kozybayev University» университетінде өткен жастармен кездесуде штаб мүшелері еліміздің барлық жас азаматын өз қабілетін толық жүзеге асыруға шақырды. Штаб мүшелері әсіресе әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қатысты сайлау алдындағы бастамаға баса назар аударды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...