«Мерейлі отбасы -2022» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.

«Мерейлі отбасы -2022» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.

Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Ауданымыздағы үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы -2022» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Биылғы ұлттық байқауға ауданымыздың барлық округтерінен 15 отбасы іріктеліп алынды. Бұл отбасылардың ішінде жасы тоқсаннан асқан, өткен ғасырдың сан түрлі соқпақтарынан өтіп, бүгінгі күнге аман-есен жеткен данагөй қарияларымыз да болды.

Осымен тоғызыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары арнайы құрылған комиссияның шешімі арқылы анықталды.

Нәтижесінде, ұлттық байқаудың жеңімпазы атағына Балықты ауылдық округінен Қожамқұловтар отбасы лайық деп танылды. Екінші орын Кемербастау ауылдық округінен Мырзагелдиевтер отбасына бұйырса, үшінші орынды Шақпақ ауылдық округінен Айтжановтар жанұясы иеленді.

Байқау қорытындысына қатысқан аудан әкімі Н.Байғұт отбасы құндылықтарын дәріптеуге ат салысып, бүгінгі іс-шарада белсенділік танытқан отбасыларға құттықтаулары мен алғысын жеткізіп, жүлделі орындардан көрінген отбасыларды арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ал, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Іс-шара жалғасы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы ән-шашуға ұласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...