86 көшеге тас төселіп,40 көше орташа жөндеуден өтуде

86 көшеге тас төселіп,40 көше орташа жөндеуден өтуде

Шаһардағы жол сапасын арттыру бойынша тапсырмалардың орындалуы қала әкімінің бақылауында.

«Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы Арман Оңалханұлы І.Қожабаев және Ә.Жангелдин

көшелерінің жаңғырту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шаһардың Сауран секторы аумағына кіретін Ә.Жангелдин көшесінің 3,6 шақырымында қазіргі таңда реконструкциялау жұмыстары жүруде. Яссы секторы құрамындағы І.Қожабаев көшесінің 5,6 шақырымнында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жоспарға сәйкес жол құрылысымен қатар көше жарықшамы орнатылып, жаяу жүргіншіге арналған жол төселеді.

Сондай-ақ қала аумағында 46,4 шақырым құрайтын - 40 көше орташа жөндеуден өтеді. 72,8 шақырымды 86 көшеге тас төселеді.

Жаяу жүргіншілерге арналған жол 51,3 шақырымға жоспарланып, 24,8 шақырымының құрылысы аяқталуға таяды. Қалған шақырымдар өнідірістік кестеге сәйкес жүзеге асады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...