Алматыда креативті индустрияны қолдауға арналған фестиваль өтті

Алматыда креативті индустрияны қолдауға арналған фестиваль өтті

Алматы қаласында шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға және отандық брендтердің танымалдылығын арттыруға бағытталған Almaty Pop Up Store фестивалі ұйымдастырылды. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өткен мәдени шара жергілікті дизайнерлер мен кәсіпкерлердің басын қосқан маңызды алаңға айналды.
5-6 қыркүйек күндері өткен фестивальге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 50-ден астам бренд пен тәуелсіз кәсіпкер қатысты. Екі күн ішінде көрмені 17 мыңнан астам адам тамашалады. Келушілер үшін кіру тегін ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында дизайнерлік киімдер, сәнді аксессуарлар, авторлық әшекейлер, қолдан жасалған косметикалық өнімдер, интерьер бұйымдары мен ерекше сыйлықтар ұсынылды. Бұл отандық өндірушілерге өз шығармашылығын көпшілікке таныстырып, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Шараның мәдени бағдарламасы да мазмұнды өтті. Сахнада Lelya, Adina Topash, Kezeñ, Kyle Ruh, menrasaitam және Erlan.smp өнер көрсетіп, фестиваль қонақтарына музыкалық көңіл күй сыйлады.
Он жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан Almaty Pop Up Store жергілікті таланттарды қолдайтын танымал шығармашылық алаңдардың біріне айналған.
Мұндай бастамалар Алматыдағы креативті индустрияның дамуына серпін беріп, шағын кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар дизайнерлердің кәсіби байланыстарын нығайтып, қазақстандық өнімдердің нарықтағы орнын қалыптастыруға ықпал етеді.
Фестивальдің басты ерекшелігі – шығармашылық пен кәсіпкерлікті бір кеңістікте ұштастыруы. Осындай жобалар арқылы жас дизайнерлер тәжірибе жинақтап, өз өнімдерін жаңа аудиторияға ұсына алады. Бұл Алматының заманауи мәдениет пен шығармашылық бастамалар орталығы ретіндегі беделін арттыра түседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында «Музейные инициативы на пространстве СНГ» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция...