Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
1974 жылы салынған вокзал ғимараты бүгінде жолаушылар инфрақұрылымының заманауи талаптарына толық сай келеді. Ғимараттың жалпы аумағы 7 412 шаршы метрден 8 483 шаршы метрге дейін ұлғайды. Нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заманауи үш қабатты ғимаратқа айналды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Реконструкция барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені жүргізілді. Шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары орындалып, кәріз,су, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері жаңғыртылды. Сонымен қатар, перрон қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды, жаңа жиһаздар мен қажетті жабдықтар орнатылды.

Ғимараттың сәулеттік келбетіне және қолданылған материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Вокзалдың қасбеті фиброцемент панельдерімен және гранитпен қапталған. Ішкі әрлеу жұмыстарында заманауи талаптарға сай келетін ұзақ мерзімді, өрт қауіпсіздігі жоғары әрі сапалы материалдар пайдаланылды. Еден жабыны гранит пен керамограниттен жасалған. Жұмыстарды жүргізу барысында негізінен отандық материалдарға басымдық берілді. 

Қостанай вокзалы 1-санатты вокзалдарға жатады. Оның тәуліктік орташа жолаушылар ағыны шамамен 2 049 адамды құрайды. Станция арқылы Астана, Алматы, Шу, Қарағанды, Тобыл, Атырау, Орал, Ақтөбе, Бурабай курорттық аймағы және Көкшетаумен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін 18 жолаушылар пойызы жүреді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға, күту және сапарлау үшін анағұрлым қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ Қостанай облысының теміржол инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың бірінің сыртқы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады, деп...