Қазақстанда 247- ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 247- ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Айнабұлақ ауылында 247-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бекеті Айнабұлақ, Ақтасты және Өсібай ауылдарындағы 400-ге жуық тұрғынды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған.

  Жаңа өрт сөндіру бекетінде жеке құрамның қызмет атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған. Нысан ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киім-кешекпен толық жабдықталған. Бұл оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Карагандинской области подвели итоги регионального этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы – 2026». В этом году участие в отборочных турах приняли...