ТМҰ байқаушылары: Сайлау ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

ТМҰ байқаушылары: Сайлау ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр
Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары 30 сайлау учаскесінде болды. Сайлау барысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық өтіп, дауыс беру құпиясы сақталуда. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі және көру қабілеті нашар азаматтар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Тиісті техникалық құралдар бар. Барлық сайлау учаскесінде байқаушылар да, сайлау комиссияларының мүшелері де бюллетеньдер салынатын жәшікті анық көре алады. Олар учаскенің ортасына орналастырылған және дауыс беру процесіне қатысушылардың барлығына көрініп тұр», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...