ҚР ІІМ: Сайлау күні Қазақстандағы ахуал тұрақты

ҚР ІІМ: Сайлау күні Қазақстандағы ахуал тұрақты
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау күні жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуына жол берілген жоқ. Бұл туралы онлайн-марафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ІІМ еліміздің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауда. Мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда. Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда.

«Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істейді. Жағдайды бақылау тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да үздіксіз жүргізілуде», – деп атап өтті Ш. Әлекешев.

Ол азаматтардың немесе сайлау комиссияларының өтініштері бойынша полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін айтты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Полиция қызметін жалғастыруда», – деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...