26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі өтеді

26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі өтеді

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда» деп жазды А. Оралов өз парақшасында.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Во исполнение поручения Главы государства по обеспечению питьевой водой отдаленных населенных пунктов, в Туркестанской области на системной основе...