«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бүгін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі. 

«AMANAT» жанындағы баспасөз орталығы партияның халықпен кері байланысының, партия мүшелерінің ашықтығы мен жариялылығын арттырып, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдер енгізудің тиімді құралдарының бірі болмақ.

«1 наурызда өткен кезектен тыс Съезде «AMANAT» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғыртуға, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында бүгін көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Бұл – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...