Қасым-Жомарт Тоқаев: Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында лауазымды тұлғалар болды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында лауазымды тұлғалар болды

Тәртіп бұзушылық бойынша екі мыңға жуық адам ұсталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша Бас прокуратура мәселенің мән жайын анықтады. Қаңтардағы оқиғаға қатысы жоқ адамдар босатылды. Ауыр қылмысқа барғандарға қатаң шаралар қолданылады. Олар заң алдында жауап береді. Бүлікшілер жоғары билікке ұмтылуды көздеді. Қылмыскерлер мен опасыз шенеуніктер астыртын топ құрды. Олар халықтың наразылық шеруін қасақана басқа арнаға бұрды. Билікке күйе жағу үшін халыққа оқ атты. Президентті орнынан кетіргісі келді. Лаңкестікке қатысы бар жоғары лауазымды адамдар болды. Олар мемлекетке сатқындық жасады. Опасыздардың ішінде әскери және арнаулы органдардың басшылары да бар. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес жұмыс істеуіне кедергі келтірді», - дейді Президент.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...