Қарағанды тұрғындарына қаржылық қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қарағанды тұрғындарына қаржылық қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында, 2026 жылғы 13 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағында аға буын өкілдерін біріктірген «Барлық дәуірдің билері» атты мәдени-демалыс іс-шарасы өтті. Іс-шараға 400-ден астам адам қатысты.

Іс-шара барысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Қатысушыларға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері мен алаяқтардың әрекеттерінен қорғану жолдары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ қонақтарға қаржылық қауіпсіздікке арналған профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-түсіндіру брошюралары таратылды.

Осындай іс-шаралар азаматтардың заманауи алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыруға, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға және халықтың қаржылық сауаттылығын нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ