Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет министрліктері 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет министрліктері 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе әдебиет саласындағы ынтымақтастыққа және театр өнері бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық жүзеге асырылғанын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі жаңа іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Аталған құжат екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу мен ортақ жобаларды іске асыруды көздейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...