Қазақстан үшін жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды

Қазақстан үшін жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Баку кеме жасау зауытында Қазақстан үшін салынатын сыйымдылығы 780 TEU болатын алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті. Жоба Abu Dhabi Ports Group компаниясымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен Abu Dhabi Ports арасындағы серіктестік шеңберінде іске асырылуда. 2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде контейнерлік жүктерді тасымалдауға арналған екі заманауи контейнерлік кемені салу жоспарланған.

Жаңа кемелер Қазақстанның контейнерлік жүктерді теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, тасымалдардың тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойындағы еліміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Баку кеме жасау зауытының бірлескен жобалары талқыланды. Екі құрғақ жүк кемесін салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі уақытта кемелердің дизайндері пысықталуда. Оларды тапсыру 2028 жылға жоспарланған.

Отандық сауда флотын дамыту – Қазақстанның көлік саясатының басым бағыттарының бірі. Биылғы сәуір айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алты кеменің, оның ішінде екі контейнерлік кеменің құрылысын салу туралы келісім жасасты. Бұл кемелер Баку кеме жасау зауытында құрастырылады.

Аталған жобаларды іске асыру Каспий өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруға, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға және Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«В прошлом году я выступил с инициативой поддержать лучших выпускников военных учебных заведений. Тогда я подчеркнул, что им следует присваивать...

«Мен былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтердім. Оларға қалыптасқан дәстүрге сай «лейтенант» емес, «аға...

«В этом году мы отмечаем 35-летие Независимости. Эта историческая веха имеет большое значение с точки зрения критического, глубокого осмысления,...

«Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды...