Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда аза тұту күні.

"Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы" жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.

"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...