Алматыда қоғамдық кеңістіктер жаңарып, заманауи қалалық орта қалыптасып жатыр

Алматыда қоғамдық кеңістіктер жаңарып, заманауи қалалық орта қалыптасып жатыр

Алматы қаласында көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Достық даңғылы, Пушкин көшесі және Жароков көшесі бойындағы абаттандыру жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.

Достық даңғылының Абай даңғылынан әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігінде ауқымды көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 1,5 шақырым, аумағы 4 гектардан асатын учаскеде көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту және заманауи абаттандыру элементтерін орнату көзделген.

Сонымен қатар Пушкин көшесінде де қалалық ортаны жаңарту жұмыстары қарқын алған. Жоба аясында жүргіншілерге қолайлы әрі қауіпсіз кеңістік қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Жароков көшесінің бойындағы «Южный» паркінің солтүстігіндегі жасыл аймақ құрылысымен де танысты. Мұнда жаңа жаяу жүргінші жолдары салынып, ірі ағаштар отырғызылып, шағын сәулет нысандары орнатылады.

Сондай-ақ Жароков көшесі мен «Vostochka» тұрғын үй кешені маңындағы сәулеттік жарықтандыру жобалары қаралды.

Бұл бастамалар Алматының эстетикалық келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...