Алматыда Үлкен Алматы каналы жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болады

Алматыда Үлкен Алматы каналы жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болады

Алматы қаласында Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын кешенді жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ауқымды жоба Медеу ауданынан бастап Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейінгі 23,1 шақырым аумақты қамтиды.

Қазіргі уақытта канал түбін тазарту жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар бетондау жұмыстарының 95%-ы орындалды. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар су өткізу қабілетін арттырып, гидротехникалық инфрақұрылымның сенімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба тек инженерлік жаңғыртумен шектелмейді. Канал маңындағы аумақтарды кешенді абаттандыру да қарастырылған. Атап айтқанда, көпірлер жөнделіп, сыртқы жарықтандыру жүйелері орнатылады. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға арналған серуендеу және демалыс аймақтары жасалады.

Қала билігінің мәліметінше, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жаңартылған канал тек маңызды инженерлік нысан ретінде ғана емес, тұрғындар үшін тартымды қоғамдық кеңістік ретінде де қызмет ететін болады.

Жоба Алматының инфрақұрылымын жаңғыртып, экологиялық және қалалық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...