Алматыда жол инфрақұрылымы жаңарып жатыр: биыл 330 көше қамтылады

Алматыда жол инфрақұрылымы жаңарып жатыр: биыл 330 көше қамтылады

Алматы қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі таңда жөндеу шаралары магистральдық көшелерді, ауданішілік жолдарды, ішкі көшелер мен жекелеген учаскелерді қамтып отыр.

Биыл қала бойынша жалпы ұзындығы 294 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жүргізілуде. Жоба аясында 330 көшенің жол төсемі толықтай жаңартылады. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар тек шұңқырларды жамаумен шектелмей, жол жабынын кешенді түрде қалпына келтіруге бағытталған.

Кейбір көшелерде асфальт төсеу алдында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, су құбыры, кәріз жүйесі және сыртқы жарықтандыру желілері ауыстырылып, жаңартылып жатыр. Мұндай тәсіл болашақта жолдарды қайта қазу қажеттілігін азайтып, инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қалалық билік тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз, ыңғайлы әрі заманауи мегаполиске айналдыру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...