Алматы көлік жүйесін жаңғыртуда: жаңа автобус жолақтары мен веложолдар пайда болады

Алматы көлік жүйесін жаңғыртуда: жаңа автобус жолақтары мен веложолдар пайда болады

Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жаңа кезеңге өтті. Қалада қоғамдық көлік қозғалысын жеделдету, көшелердің өткізу қабілетін арттыру және экологиялық көлік түрлерін дамытуға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Алматыда 206 тұрақты қоғамдық көлік бағыты жұмыс істейді. Қалалық автопарк құрамында 3 108 автобус бар, ал маршруттардың қозғалыс тұрақтылығы 99%-ға жеткен. Қазіргі таңда қалада 1 564 газбен жүретін автобус, 137 электробус және 156 троллейбус қатынайды.

2026 жылы әл-Фараби даңғылы, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Рысқұлов және басқа да ірі көшелерде жаңа автобус жолақтарын салу жоспарланған. Сонымен қатар велоинфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл соңына дейін веложолдардың жалпы ұзындығы 87 шақырымнан 125,5 шақырымға дейін ұлғаяды.

Қалада бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр. Мамандардың болжамынша, бұл көшелердің өткізу қабілетін 20–25%-ға арттырып, жол-көлік оқиғаларын 35%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аялдама инфрақұрылымы жаңартылып, биыл тағы 200-ден астам жаңа автопавильон орнатылады. Жалпы, бұл бастамалар Алматыда қауіпсіз әрі ыңғайлы көлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...