Алматы жастарына жаңа мүмкіндік: жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастарына жаңа мүмкіндік: жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы қаласында жастарды баспанамен қамтуға бағытталған «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады. Бағдарлама аясында жас мамандарға жеңілдетілген шартпен тұрғын үй несиесі ұсынылады.

Өтінімдер 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Қатысу үшін үміткерлер kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан арнайы сервис арқылы өтінім жолдай алады. Жүйеге кіру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қатысушылар 20 миллион теңгеге дейін несие рәсімдей алады. Жылдық мөлшерлеме 5%-ды құрайды, ал бастапқы жарна көлемі 10% болып белгіленген. Сонымен қатар, жастарға бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Жобаға Алматы қаласында тұратын, жасы 35-тен аспаған азаматтар қатыса алады. Үміткерлер соңғы бес жылда өз атында тұрғын үй болмауы, Алматыда кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде тұруы және ресми жұмыс өтілі болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ғылым, журналистика, коммуналдық қызмет пен құқық қорғау салаларындағы жас мамандарды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама болып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...