Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады

Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспортының көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары (10,3 млн тонна), деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Экспорт көлемінің өсуі Орталық Азия елдері мен Ауғанстан бағыттарында байқалды. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 39,5%-ға артып, 3,5 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,5 есеге өсіп, 297 мың тоннадан 457 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Сондай-ақ Ауғанстан бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді, экспорт көлемі 2,3 есеге артып, 1,3 млн тоннадан 3 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 47,7%-ға ұлғайып, 130 мың тоннадан 192 мың тоннаға дейін өсті.

Қарқынды өсім қазақстандық астық өнімдеріне сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенін, сондай-ақ экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...