Түлкібас: су жағалауларында тазалық шарасы өтті

Түлкібас: су жағалауларында тазалық шарасы өтті

Бүгінде Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Кезекті тазалық шарасы аудан әкімі Асқар Естібаевтың қатысуымен Майлыкент ауылдық округінде өтті.

Сенбілік барысында Т.Рысқұлов және Дауан ауылдарының шекарасынан бастап, Азаттық ауылының шекарасына дейінгі ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Арыс өзенінің бойы толықтай қоқыстан тазартылды. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, ағаш бұталары ретке келтірілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы барлық ауылдық округтер мен кенттерде ішкі көшелер тазаланып, өскен шөптер орылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Майлыкент ауылдық округінде жалпы ұзындығы 43 шақырымды құрайтын арық-атыз жүйелерін тазалау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...