Медиа өкілдеріне арналған шақыру

Медиа өкілдеріне арналған шақыру

Құрметті БАҚ өкілдері!

Ертең, 15:00-де Түркістан қаласында Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді. Бұл - Орталық Азиядағы осындай ауқымдағы алғашқы жоба.

Жоба жаңбыр шақыру, су қоймаларын толықтыру және заманауи климаттық шешімдерді дамыту мақсатында бұлттарды себу технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ метеорология және климаттық технологиялар саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.

Бағдарлама аясында жобаның ресми іске қосылуы, технологиялық шешімдердің таныстырылымы және арнайы техникалардың көрсетілімі өтеді.
 

Өтетін орны: Конгресс-холл, Түркістан қаласы
БАҚ аккредитациясы: +7 705 657 81 81, Ляззат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен...